ЕРЛАН ҚОШАНОВ: КЕЗ-КЕЛГЕН МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Энергия тапшылығы еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезіледі. Бұл туралы Түркістан облысының тұрғындарымен кездескен Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов айтты. 300-ден астам адам қатысқан жиында АЭС салудың маңызы ашық талқыланды. Одан әрі облыстық ауруханаға, Сауран ауданы, Оранғай ауылына және Кентау қаласындағы Жылу Электр орталығына барған Халықтық штаб мүшелері, атом энергетикасын дамыту, аграрлық және коммуналдық кәсіпорындарды тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етудің маңызына тоқталды. ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ//- Мемлекет болашағына қатысты кез-келген маңызды шешім халықтың қатысуымен, қоғамның пікірін ескере отырып қабылданады. Бұл Президентіміздің бұлжымас ұстанымы. Бұл қоғамда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып келе жатқанының көрінісі. Күнделікті өмірде, тіршілікте осының бәрін байқай бермейтін шығармыз. Бірақ біз әр қадамымызды анық басып, жоспарларымызды кезең-кезеңімен іске асырып келе жатырмыз. Түпкі мақсат осы реформаларды әр азамат, әр отбасы сезінуге керек.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/