Ертең бәйге басталады
Көшпенділер ойынының көркі енді қыза түскендей. Ертең ел асыған күткен бәйге басталады. Сарыарқаның сайын даласына атағы алысқа кеткен сәйгүліктер жиналып жатыр. Жұрт аузында жүрген Жұмыртұяқ, талай аламанның алды болған Талхиз, Секрет пен Тұмар қазірдің өзінде жер тарпып тұр. Қырғыздың атақты Қарақызы мен Қарагері де бәйгеге қосылады деп күтілуде. Сарапшылар, дүбірлі додаға келген тұлпарлардың барлығы осыған дейін іріктеуден өткенін айтады. Қазақ атбегілері дәстүрлі бәйгеге жалпы саны 40-қа жуық ат қосады. Құнандар 11 шақырымға, топқа түскен тұлпарлар 18 шақырымға, ал аламанға қатысатын жүйріктер 25 шақырымға шабады. Жорға жарыстың қашықтығы 9 шақырым. Бұдан бөлек, ұшқыр бәйге де болады. СӘКЕН СЕЙТХАНҰЛЫ – САРАПШЫ //Талхиз бар, Жұмыртұяқ бар, Тұмар бар. Барлығы осы бәйге алаңына шығады. Қырғызстаннан да осал аттар келген жоқ. Қарагер деген ат келе жатыр Қырғызстаннан. Қазақстанда алматы облысында үшінші орын алған еді. Біздіңше алдын ала атбегілердің болжамынша қырғыз бен қазақ арасында бәсеке болады деп отыр. Ол анық. Өйткен, Бұған дейін Қарақыз қазақстанға екі рет келіп, екі рет ұтып кеткен еді. Бұл жолы негізгі бәсекелестері бар. Талхиз бен Жұмыртұяқ бар. Бүркіт бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/