Suivant

ЕСКІ КӨЛІКТЕРГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ТӨМЕНДЕТІЛЕДІ

18/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі. Бұл туралы Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасын таныстыру барысында баяндалды. Қолдануы 10 жылдан асқан автомобильдер үшін салық сомасы 30 пайызға, 20 жылдан асқандары үшін 50 пайызға төмендемек. ЕРЖАН БІРЖАНОВ – ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Жүздеген мың ескі транспорттар бар. 10-20 жыл болған. Ескі москвичтер әлі жүр. Омен таксоваттап жүр. Мысалы, ескі үйдің бағасы арзан ғой. Сол сияқты біз ескі көліктің бағасына қарай салық алатын боламыз. Көбі сынып тұр. регистрациядан алынбаған. Жыл сайын ақшасы келіп тұрса қиын ғой// Бұдан бөлек, елімізде банк секторы мен ойын бизнесіне жоғары корпоративтік табыс салығы енгізілмек. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты. Зерттеу нәтижелері бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін саралау ұсынылады. 20 пайыз базалық мөлшерлеме сақталады. Банк секторы мен ойын бизнесі үшін 25 пайыз жоғары мөлшерлеме белгіленеді. Жаңа Салық кодексімен елімізде «сән-салтанат» салығы енгізіледі. Енді, жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі, кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу қарастырылған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant