Suivant

Есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

07/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ел Парламенті мәжілісінде есірткіге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат бірінші оқылымда қаралды. Осы заң жобасы аясында есірткі бизнесіне қарсы күрестің бірнеше тетігіне түзету енгізілмекші. Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр. Бірақ, есепке ілінбегендердің саны 200 мыңға жуық. Депуттаттар осылай деп отыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес күрделі әрі күрмеулі іске айналды. Өйткені, құрамы бір болғанымен атауы мың құбылған зиянды зат көбейіп барады. Өкініштісі, есірткі таратушылар түрлі айлаға салып, жас буынның тағдырын талқандап жатыр. ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ /Мынандай кюар кодтар басқа емес, тура оқушылар сарайының ішінде, сол кюар код арқылы өтіп ары қарай сауданы қалай жүргізу керек тәсілдері жазылған. Сондықтан, ІІМ ғана емес, ақапарат министрі де күрес шараларын жан-жақты біріктіріп қарастыру керек/ Қазір синтетикалық есірткіні әр жерге жасырып жүрген курьерлер ұсталып жатыр. Олардың арасында жастар көп. Дені білместікпен, жастық албырттықпен қылмыс істеген. Көпшілік соларға жазаны жұмсарту керектігін сұрап жатыр, - деді депутат Данабек Исабек. Ал, заң не дейді? АЙДОС РЫСБАЕВ - ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///Тергеуге көмегін көрсетіп, мән жайды айтса прокурормен процесуалды келісімке келуге болады. Ең азы 10 жыл ғой, содан төмен жаза қолдануға мүмкіндіктері бар/ Есірткі жасыратындарға қатысты бұрынғы жауапкершілік сақталады, ал зертхана құрғандарға жаза күшейтілмек. Таныстырылған заң жобасында оларға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды. Сондай-ақ, препараттардың саудасына қатысты заң күшейтілмек. СНЕЖАННА ИМАШЕВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ /Прикусорлардың заңсмыз айналымына тосқауыл қою. Бұл заңсыз айналым қылмыстық кодексе жататын болады. Екінші күшті әсер ететін дәрілер. Олармен нашақорлар жиі пайдаланады. Бірақ, біздің аптеклар рецепсіз бұларды сатуда/ Заң жобасы алғашқы оқылымда қызу талқыланып, депутаттар бірқатар ұсыныстарын білдірді. Оның барлығы талқылау барысында таразыланбақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant