Есірткіге жол жоқ!
Есірткі қылмыстары кибер-кеңістікті жайлап барады. Осы орайда облыстық полиция департаменті есірткі жарнамалаған 120 телеграм-арнаны анықтап, жолын кесті. Жалпы өңірімізде зардабы өлшеусіз қылмыспен күрес қалай жүріп жатыр? Тілшіміз зерделеп көрді. Есірткі – қазір әлем бойынша ең күрделі қауіп-қатердің бірі. Соңғы 10 жылда дүниежүзінде оған тәуелді адамдардың қатары 23 пайызға өсіп, 240 млн-нан 296 млн адамға дейін жеткен. Сондықтан есірткімен күрес еш бәсеңдеген емес. АРДАҚ ДӨНЕНОВ – ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Бұрынғы жылдармен салыстырғанда бізде есірткі егу деректері, мысалға айтқанда бұрын енді 20 мың, 15 мың түптен егілетін болса, қазіргі таңда бізде ондай деректер азайған. Есірткі алқаптарын анықтау өзіміздің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында іске асырылады.// Облыста есірткіге қатысты қылмыс азайғанымен, статистика әлі де сүреңсіз. Соңғы бес айда есірткі өткізудің 10, өсірудің 6, жарнамалаудың және ірі мөлшерде сақтаудың бір-бір дерегі тіркелген. Ал, есірткіге тәуелді 879 адам есепте тұрса, оның ішінде біреуі синтетикалық есірткіге құмар. Өкінішке қарай, жастар арасында аталған есірткіні таратушылар қатары артқан. Оларды анықтау қиын болса да, нәтиже жоқ емес. АРДАҚ ДӨНЕНОВ – ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Синтетикалық есірткінің жастардың арасында көп таралуы. Оның білместікпен істегені бар. Немесе оны синтетиканы таратудағы пайда табу мақсатында жүзеге асырылады көбінесе. Ол жерде мынау есірткі таратуды ұсынатын азаматтар қомақты ақша табу мақсатында жас азаматтарды қызықтырып, өздеріне курер есебінде жұмысқа қабылдайды. Синтетиканың таралуы ғаламтор арқылы жүзеге асады. Өңірімізде қазіргі таңда 120 телеграм канал бұғаттауға жолданды. Ішкі істер министрлігіне. // Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес 1 маусым мен 31-ші қазан аралығында «Қарасора 2024» жедел профилактикалық іс-шарасы жүруде. Шараның мақсаты: аймақта есірткі алқаптарын анықтау, оның жолын кесу. АРДАҚ ДӨНЕНОВ – ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //«Қарасора 2024» жедел профилактикалық ісшарасы барысында өңірімізде 5 стационарлық бекет құрылып, қазіргі таңда жұмыс атқаруда. Сонымен қатар тікұшақтың көмегімен Қызылорда облысына тиесілі құмды жерлер, тоғайлы жерлер тексерілетін болады. // Есірткіні жарнамалау, саудалау аса ауыр қылмысқа жатады. Сондықтан іс-шаралардың тиімділігін әлі де арттыра түсу көзделіп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/