Suivant

Еңбек адамдары алғыс арқалады

05/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазалы ауданында көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиында халыққа қызмет көрсетіп жүрген қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Аудан әкімі алдымен соғыс ардагері, қос ғасырдың куәсі Тобаберген Тілеубергеннің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангердің иығына шапан жауып, елдің атынан алғысын жеткізді. 1942 жылдың қаңтар айында әскерге аттанған қазалылық қайсар жігіт 150-ші зеңбірікті атқыштар полкының құрамында болып, Белоруссия, Польша, Чехословакияны жаудан азат етуге қатысқан. Ғасыр жасаған қария мерекемен құттықтап келген азаматтарға батасын беріп, елдің амандығын тіледі. Әрине, үлкендерден бата алып, алғысқа бөлену үлкен құрмет. Бұл мерекенің мәні де осында. Адамдардың бір біріне деген сыйластығын арттырып, мейірім шуағы төгілетін шарада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Қазалы халқына алғысын білдірді. МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – АУДАН ӘКІМІ ауданымыздың жыл сайынғы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші жоғарылап келеді. Түрлі әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар ел игілігіне берілуде. Жолдардың жағдайы жақсарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін біршам түйінді түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Әрине, теңдесі жоқ киелі өлкенің дәл осылай өркендеп өсуі барша Қазалы жұртшылығының лағаусыз пейілі мен адал еңбегінің нәтижесі деп есептеймін Салтанатты жиында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлері марапатталды. Құрмет төрінен көрінгендердің қатарында өрт сөндіруші, теміржолшы, жол жөндеуші, құрылысшы, дәрігер, почташы секілді қарапайым еңбек адамдары бар. Елдің алғысына бөленгендердің бірі - Думан Жәли. Аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкері 20 жылдан бері осы салада қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мерекелік кеш жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері түрлі саланың өкілдеріне алғыс айтып, ән мен жырдан шашу шашты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant