Suivant

Еңбек ері оқушылармен жүздесті

07/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстанның Еңбек ері, облыстың құрметті азаматы Имамзада Шағыртаев Таң ауылындағы №118 орта мектептің бітіруші түлектерімен жүздесті. Имамзада Шағыртаев ауылы да, шаруасы да көпшілікке үлгі болып отырған азамат. Еңбек жолын өзі туған ауылы – «Таңнан» бастаған ол сол елден табан аудармастан қызмет етіп келеді. Елге болсын деген ниеттен ажырамаған кәсіпкер меценаттық қызметі үшін республикалық «Жомарт жүрек» байқауында «Туған өлке» номинациясын иеленген. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер, халық арасында құрметке ие еңбек ері бітіруші түлектерге біраз бағыт-бағдар берді. ИМАМЗАДА ШАҒЫРТАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ //Бәрі жетістікке жетем деп сенеді. Өзіңе де көп байланысты ғой. Нені бастасаң да, тастап кетпей соңына дефін жұмыс істеу керек. Оның қиындығы, ауырлығы болады. Неше түрлі пікірлер айтылады. Табанды болу керек. Жетем деп ойласа, қалаған жетістікке жетеді. Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар қызықтырған сауалдарына жауап алды. Еңбекпен шыңдалған кеш қонағы ешқандай жетістік оңай жолмен келмейтінін, табысқа жету үшін үнемі ізденіс үстінде болу керектігін айтты. ИМАМЗАДА ШАҒЫРТАЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ //Мамандық таңдау – өмірге деген жолдама. Ер адам далада жүру керек, даланың жұмысын істеу керек. Жермен жұмыс істеу керек. Жер – адамға ризық-несібесін береді. Адамзаттың өсіп-өнуіне, дамуына Жер ананың берері көп. Сондықтан жер-жұмысқа көп мән беру керек. Жиын барысында Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев туралы бейнеролик көрсетілді. Кездесу соңында кеш қонағына қазақы дәстүрге сай сый-қошемет көрсетілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant