ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРДЫ
Еңбек нарығындағы жағдай. Облыста өңірлік жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 37 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ жыл басынан бері тоғыз мыңнан астам адам бос жұмыс орындарына орналастырылды. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев журналистерге баяндап берді. Оның айтуынша, қаңтар айынан бері 73 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 1517 адам тұрақты және 830 адам уақытша жұмыспен қамтылған. 6000-ға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді. ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 9635 балаға қосымша төлем төленді. 1811 отбасы, 6000 отбасы мүшесі бар, 90 миллион тоғыз жүз мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шықққан 20 209 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл енді өздеріңіз білесіздер, бізде арнайы акциялар ұйымдастырылып тұрады, Наурыз шапағаты, Алтын күз дейміз, Мектепке жол акциясы, осыларға байланысты бір реттік көмек беріліп тұрады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/