Suivant

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ КЕЛІСІМІ БЕКІДІ

03/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен өткен жиында алдымен еңбек қатынастарын реттеу тетіктері таразыланды. Қазіргі басты талап жұмыс беруші тараптар қызметкерлердің еңбекақысын уақытылы, келісімде көзделген міндеттер негізінде төлеуі тиіс. Өңірде 2022 жылдан бері орташа жалақы мөлшері 20 пайызға артқан. Бүгінде облыс бойынша 6 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымдар арасында ұжымдық шарттар жасалды. Бұл жұмыс істеп тұрған барлық субъектілердің 68 пайызын құрайды. Айта кетейік, осыған дейін үшжақты келісім құжаты 2021-2023 жылдар аралығын қамтыған болатын. Ал, бүгін бекіген меморандум аясында алдағы 3 жыл бойы мамандардың еңбек қауіпсіздігі мен табыс деңгейі заң шеңберінде бақыланып отырмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant