Suivant

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

02/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылында қоғам қайраткері, ғалым-агроном Аббас Камалатдинмен кездесу кеші өтті. Мазмұнды шара халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылды. Жастайынан еңбек майданында шыңдалған қайраткер Аббас Камалатдин ел мүддесін өз мүддесінен биік қойып, көшті алға сүйреген парасатты тұлғалардың бірі. Тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында өңіріміздің өркендеуіне, ырысты, күрішті аймаққа айналуына сүбелі үлес қосқан. Еткен еңбек, төккен тердің еншісіндей болған марапаттары аз емес. Арда азаматтың кеудесінде «Құрмет», «Парасат», «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен мен бірнеше түрлі деңгейдегі мемлекеттік медальдарі жарқырап тұр. Мазмұнды шарада сөз алғандар қоғам қайраткерінің тұлғалық болмысы мен адамгершілік қасиетіне тоқталды. Еркін форматта өрбіген жиында ұстаздар мен оқушылар ғалымның еткен еңбегіне шегініс жасап, бүгінгі болмысымен толық танысып шықты. Одан соң аймақтың ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан Аббас Камалатдинге сый-құрмет көрсетілді. Кездесу барысында Аббас Камалатдин оқушыларды толғандырған сауалдарға жауап берді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant