Suivant

ЖАЛАҒАШТА СҮТ ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

08/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жалағаш ауданында сүт фермасы ашылады. Құрылысы аяқталған нысан наурыз айында іске қосылады деп күтілуде. Ол үшін Чехиядан 96 бас асыл тұқымды «Симентал» сиыры әкелініп, жерсіндірілуде. Сондай-ақ ауданда газдандыру жұмыстарына басымдық берілуде. Биыл Ақсу, Шәменов елді мекендері көгілдір отынға қосылады. Ал, Қаракеткен, Далдабай және Бұқарбай батыр елді мекендерін газдандыруға жоба-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. АРДАҚ ИБРАИМОВ - ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда аудан тұрғындарының 50 пайызы газбен қамтылатын болады. Біз елді мекендерді газдандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен іске асыратын боламыз .... Биыл сондай-ақ кенттегі тозығы жеткен көпқабатты 2 тұрғын үй мен Таң ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мырзабай ахун, Аламесек, Мақпалкөл елді мекендерінің электр желілері қайта жаңғыртылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant