Жасанды интеллект тұжырымдамасы қабылданды
Жасанды интеллектіге иек артатын заман алыс емес. 2030 жылға қарай озық технологияны қолдану арқылы жаһандық ішкі жалпы өнім 14%-ға артуы мүмкін. Көштен бізге де қалмау керек. Премьер-министр 5 жылда жасанды интеллекті арқылы жасалған өнімдер санын 5 есе өсіру керек,-деді. Сондықтан, үкімет отырысында тұжырымдама қабылданып, инфрақұрылым құру, деректерді өңдеу орталықтарын салу, суперкомпьютерді іске қосу үшін тіл моделін әзірлеу және Ұлттық жасанды интеллект платформасын ашу мәселесі пысықталды. Ал, бұған дейін Президент стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырған. Заң жобасы мәжілісте жатыр. Әлбетте, саланы дамыту үшін білікті мамандар қажет. Демек, білім беру бағдарламаларының, жасанды интеллект бойынша пәндердің үлесі артуы тиіс. Бұл тұтастай экономикаға мультипликативтік әсер береді.-деді Олжас Бектенов. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/