Жастар жайы сөз болды
#жастар #саясат #білім #баспана #жалақы #жалаңалықтар #news #qyzylordatv Парламент Мәжілісінің депутаты, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» фракция мүшесі Наурыз Сайлаубай сырбойылық жастармен кездесті. Жиында бүгінгі буын өкілдерін алаңдатқан мәселелер талқыға түсті. Мәжіліс депутаты алдымен облыстық жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты. Одан соң еркін форматта басқосу өткізді. Жиында жас отбасыларды баспанамен қамту жайы сөз болды. Депутат аймақта іске асырылып жатқан «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасын оң бағалады. Былтыр аталған бағдарлама аясында қызылордалық 60 жас отбасы баспана бақыт иеленген. Басқосуда НЕЕТ санатындағы жастардың мәселесі және де осы салада жұмыс істейтін мамандардың жалақы жайы да айтылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/