Suivant

Жастар мәселесі талқыланды

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл аймақ жастарының жұмыссыздық деңгейі үш жарым пайызға төмендеді. Сондай-ақ, NEET санатындағы жастардың қатары айтарлықтай азайған. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Биыл «Zhas project» жобасы аясында NEET санатындағы 14 жас 1 миллион теңгеге дейін шағын грантқа қол жеткізді. Қазір олар өздері ұсынған әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, өңірдегі жастар ресурстық орталықтары жанынан еңбек жасақтары құрылып, жоба аясында 900-ге жуық азамат жұмысқа тартылды. Айта кетерлігі, бүгінде аймақ тұрғындарының 30 пайызға жуығын 14 пен 35 жас аралығындағы жастар құрайды. Олардың түрлі мәселелерін дер кезінде шешіп, қоғамдық жұмыстарға ұйыстыру үшін 10 жастар ресурстық орталығы қызмет көрсетуде. Кеңес отырысында әр орталықтың жыл бойғы жұмысы таразыланып, алғы бастамалар бекіді. ТАЛҒАТ ТІЛЕС – ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /Облыстық жастар орталығының қызметін биылғы жылы 40 мыңға жуық жас пайдаланды. Аймақ жастарының сұранысына сәйкес, облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл басынан түрлі бағытта 3990 іс-шара өткізіліп, оған 98 мыңнан астам жас қатысты/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant