Suivant

Жастар театры "Еңлік-Кебек" қойылымын сахналады

02/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қалалық «Жас театры» «Еңлік-Кебек» трагедиясын сахналады. Қос ғашықтың тағдырын баяндаған қойылым жаңа бағытта көрерменге ұсынылды. Қазақ жерінде алғаш кәсіби театр 1926 жылы Қызылордада «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, шоқтығы биік шығарма құндылығын жойған емес. «Жастар театры» Шәкәрім Құдайбердіұлының поэмасы мен Мұхтар Әуезовтің пьесасын біріктіріп, оған Сыр өңірінің жыраулық өнерін қосып, жаңа бағытта көрерменге ұсынды. ҰЛАН БОЛАТБЕК – ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ //Жырмен, дастанмен ақпараттармен әрқайсысының кейіпкерлерін толтыру керек болды. оған енді біраз уақыт кетті. Негізгі репитицияға бір айдың шамасы болды. Шығарма желісінде Матай мен Тобықты руының арасындағы жер дауы, жесір дауына ұласады. Сыбан еліне атастырылған Еңлікке, Тобықтының хас батыры Кебек ғашық болады. Бірақ екі рулы ел бір бітімге келе алмайды. Соңында қос ғашықты өлім жазасына кеседі. Еңлік пен Кебек өз махаббаттары үшін күресіп, бірге қаза табады. БЕРІК АХМЕТ – АКТЕР //Бір айға жуық уақыт осы қойылымға күнтүзі түні жұмыс істедік. Әрине кішкене қобалжулар болды. Өзімізге білінетін, көрерменге білінбейтін қателіктер болды. Бірақ ол халықтың қошеметінің арқасында ұмытылып кетті. ЗАРИНА ЕРБОЛҚЫЗЫ – АКТРИСА // Еңліктің рөле өте ауыр. Оның ішкі тебіренісін беру өте маған қиынға соқты барынша жеткізуге тырыстым. Көрермен сахнадағы кейіпкерлермен бірге қуанып, бірге қайғырды. Бұл – театр әртістерінің тыңғылықты дайындығының жемісі десек болады. «Жастар театры» буыны бекіп, өнерге енді ғана өріс алған жас театр. Сырбойылық талантты жастарды топтастырған ұжым әлі талай тың туындыны сахнаға алып келмек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant