Жауынды күндер жиілеген

17/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл Сыр табиғаты түрленіп түр. Көктем шыға нұр себелеп келеді. Ал жаз басталғалы аймақта аптап ыстық азайып, жауынды күндер жиілеген. Мамандар мұндай өзгеріс соңғы 1-2 жылдың көлемінде болмағанын айтады. Аймақ климатында өзгеріс бар. Әдетте жаздыгүні ми қайнатар ыстық әбден әбігерге түсіретін. Сондықтан жұртшылық саялайтын жер іздеп, субұрақтың маңынан табылатын. Бірақ, биыл жылдағыдай емес, аптап ыстық азайған. Есесіне, жауын жиі жауа бастады. Мәселен, өткен бір аптада аймақтың біршама бөлігінде аспанды бұлт торлап, жауын сіркіреді. Синоптиктер сөзінше, жаңбырдың жиілеуіне циклонның әсері бар. ЖАНСАЯ МАРАТҚЫЗЫ – «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК //Маусым шілде айларында 10 шақты күн жаңбыр жауды. Маусым айында 3 күн жауды. Шілде айында 6-7 күн жауды. Жауын-шашын мөлшері әркезде әртүрлі. Кейбір кездері 0 мен 0,5 м/л, кейбір кездері 1 мен 3-тің аралығында болуы мүмкін. Бүгін түске дейін де аймақтың біраз бөлігі бұлтты болды. Ал бас шаһарға бір сәтте нөсер төгіп, табиғат жаңа бір кейіпке енді. Мұндай қоңыр салқын жауынды күндер 19 шілдеге дейін жалғасуы мүмкін. Синоптиктер солай болжам жасап отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par