Жаңақорғанда 331 медицина қызметкері көтермелеу қаражатынан қағылған
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасының 331 қызметкері былтыр 21,5 млн теңге көтермелеу қаражатынан қағылған. Мұны аудандық прокуратура еңбек заңнамасының жай-күйін талдау кезінде анықтаған. Прокуратура дерегіне сүйенсек, көтермелеу қаражаты 2023 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына төленбей қалып, қызметкерлердің конституциялық құқықтары бұзылған. Аудан прокуратурасымен қабылданған шаралар нәтижесінде қызметкерлерге тиесілі қаржы беріліп, құқықтары қорғалды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/