Suivant

Жаңақорғанда құрылыс қарқынды

11/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жаңақорғанда жыл соңына дейін «Руханият» орталығы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ өнер мектебі мен оқушылар үйі салынып жатыр. Аудандағы құрылыс қарқыны туралы тілшіміз тарқатып айтады. Жаңадан бой көтеріп жатқан «Руханият орталығы» тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды бір ортаға тоғыстырған болатын. Жалпы рухани әмбебап орталығын құру идеясы Ұлттық құрылтайдан кейін туындаған. ІЗӘТІЛЛӘ НӘРЗІЛДАЕВ – АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ // Бұның ішінде архив, кітапхана, аудандық ардагерлер кеңесі, басқада көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Бұның ерекшелігі қазіргі талапқа сәйкес жұмыстар жүргізу. Сол үшін ең бірінші қоғамдық ұйымдардың басшылары келіп, ұйымдасып отыруы керек. Жастарды көп тартуымыз керек. Біз осы руханияттың өзіміздің ауданымызда өзіміздің үлесімізді қосуымыз керек. Кентте сонымен қатар 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындық өнер мектебінің құрылысы қарқын алған. Балалардың шығармашылығын шыңдауға арналған нысан қыркүйек айында жұмысын бастайды. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 300 және 600 орындық білім ошақтары салынып жатыр. Жаңадан бой көтеріп жатқан мөлтек аудандарда тұрғындар саны жылдам өсуде. Сондықтан, инфрақұрылымды жақсартуға баса мән беріліп отыр. Айталық, Саяжай мөлтек ауданындағы жаңадан түскен көшелерге қазіргі таңда газ құбыры тартылып жатыр. СЕРІК МҰСАБАЙ – КЕНТ ТҰРҒЫНЫ // Саяжай мөлтек ауданында тұрып жатқаныма 12 жыл болды. Өзім алғаш келгенде бұрада әр көшеде бір-екі үйден болатын. Қазір Саяжай мөлтек ауданында 12 көше бар. Соның барылғында // халыққа жер берілді. Енді осы 11-12-ші көшеге енді басталып түсіп жатыр. Қалған көшелерде бар. Ал, Жаңарық, Қандөз, Бірлік, Сунақата, Сүттіқұдық елдімекендерінде электр желілерін ауыстыру жұмыстары қолға алынды. АСАН НАҚЫШПАНОВ – КЕНТ ТҰРҒЫНЫ // Электр энергиямыз өзгеріске енді. Уақытында дауыл, жел, жаңбыр кездерінде қайта-қайта өшіп, халықтың мазасы кетіп, сондай бір ыңғайсыз жағдайлар болып еді. Бірте-бірте дұрысталып келе жатыр. Инфрақұрылымдық жүйелердің қолжетімділігін арттыру өңір басшылығының да тұрақты назарындағы мәселе. Сондай-ақ, құрылыс жүріп жатқан нысандарда жұмыстарды сапалы атқару, оларды мерзімінде аяқтап, тұрғындардың игілігіне уақтылы тапсыру өте маңызды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant