Жаңақорғандық өнімдер сұранысқа ие

09/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жайылманың қарбызы пісті. Қазірдің өзінде ауыл еңбеккерлері 35 тоннаға жуық өнімді нарыққа шығарып үлгерді. Ал, жаңақорғандық бағбан Наурызбек Айымбетов жылыжай ісін жолға қойып, бау-бақша өнімдерін өсіріп сатуда. Ол бұл кәсіпті «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып бастаған. Жайылмада биыл 540 гектар алқапқа қарбыз егілді. Егінді ерте көктемде бастаған шаруалар алғашқы өнімді Астанаға жөнелтіп үлгеріпті. СӘЛІМБАЙ ШИДЕРБАЕВ – ҚОЖАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ // Бүгінгі таңға өзімідің Астанаға 35 тоннадай артып жібердім. Жалпы гектарына 60 тоннадай шығып жатыр. Енді қалған өнімдер мынау енді. Ресей ма, бұйырған жерден келеді өздері клиенттер. Жерден несібесін тергендердің бірі – Бархия Сыздықов ақсақал¬. Ол өткен жылы облыс әкімінің қолдауының арқасында Ордакент аумағынан егін егуге 5 гектар жер алған. Қазіргі таңда оның 2 гектар аумағында картоп өсіп тұр, қалғанына басқа дақылдар егілген. БАРХИЯ СЫЗДЫҚОВ – ДИҚАН //Былтыр алғанбыз жерді. Оның құдығын қаздық, қорасын жасадық. Биыл бастап егіп жатырмыз. // шығымдылығы жаман емес. Алланың бергенін аламыз деп жатырмыз. // Ал, Наурызбек Айымбетов 2019 жылдан бері жылыжай ісін жолға қойып, қызанақ пен қияр өсірумен айналысып келеді. Бұл ісін жандандыру үшін өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алған. Соның арқасында биыл бау бақшасынан мол өнім жинапты. Жылыжайы жайқалып, көңілі жайланған бағбан тағы да түрлі бағдарламалар арқылы қайтарымсыз грант немесе жеңілдетілген несие алуға ниетті. Ал, Айдана Исрайлова балаларға арналған экожүргек шығаруда. Өндірісті жолға қойған ол өткен жылы «Эко төсеніш» жобасын әзірлеп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін иновациялық Ұлттық жоба аясында 5 млн.теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Сол арқылы қажетті құрал-жабдықты түгендеп, тың идеясын жүзеге асырып отыр. Қазір кәсіпкердің қарамағында 4 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Экожүректен бөлек әйелдерге арналған төсеніштерді де шығаруда. Жалпы, былтыр «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 74 жобаға 565 млн. теңге көлемінде несие берілген. Кәсіпкерлердің көбі қаржысын мал шаруашылығы мен егін саласына бағыттапты. Сондай-ақ, өндіріске бет бұрғандар да бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par