ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МОБИЛЬДІ АУДАРЫМДАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Биылдан бастап жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары салық органдары тарапынан қадағаланады. Бұл жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған жоба. Қазір қалалықтардың басым бөлігі мобильдік аударымдармен төлем жасауға көшкен. Алайда жаңа жылдың алғашқы күнінен-ақ кейбір сауда нүктелері қолма-қол есеп айырысуды сұрап, көпшілік әуре-сарсаңға түсуде. «Кәсіпкерлер көп салық төлемес үшін қолма-қол төлем жасауды талап етуде,»- дейді тұрғындар. Шыны керек, бүгінде жеке тұлғалар да бір-біріне аударым жасауға қорқасоқтап қалды. Алайда бұл жаңашылдық бизнес субъектілерінің ашықтығын арттыру үшін қажет дейді,- мамандар. Сондықтан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бұдан былай бақылауға алынатынын айтып отыр. ЕРКІН ЕЛШІБЕКОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МКД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Бақылау шараларына келетін болсақ, бірінші кезеңде екі бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізіледі. Жалпы, камералдық бақылау салық төлеушілерге бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар туралы ақпараты бар хабарламалар жіберілетін болады. Егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіссе, ол жеке кәсіпкерді тіркеуі немесе декларацияға кіріс сомаларын көрсете отырып қосымша декларация тапсыруы керек Айта кету керек, салық төлеуші ретінде тіркелмей, қызмет көрсеткен жеке кәсіпкерлерге 15-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Ал енді жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін туыстарына, достарына мобильді аударымдар жасай алады және қабылдай алады. Бұл жеке тұлғаның табысына жатпайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/