Suivant

Желіде жат ағымды насихаттаған тұрғын жауапқа тартылды

20/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әлеуметтік желіге дәстүрлі емес діни ағымдағы материалдарды жариялаған қала тұрғыны ұсталды. Заң бұзушылық облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталып отыр. Деструктивті діни ағымды ұстанатын 62 жастағы қала тұрғыны жат ағымдағы материалдарды әлеуметтік желіде қауымдастық ашып, жариялаған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданған. Қалалық мамандандырылған сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды. Үкім заңды күшіне енді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant