Suivant

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЕРІКТІЛЕР ДЕ КҮРЕСІП ЖАТЫР

31/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймағымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке еріктілер де жұмылдырылған. Парақорлықпен күрес мәселесін талқылау үшін Антикор өкілдері белсенді жастармен кездесті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, құқықтық сауаттылықты дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. ЖАНДОС ЖҮСІПАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚР 18-ден асқан азаматтары ерікті түрде волонтер бола алады бізге. Қызылорда облысы бойынша 130-дан астам волонтер бар. Волонтерлердің көмегімен біраз нәрсе шешілді, біраз қылмыстық істердің алдын алынды. Мемлекеттік бюджетті нысаналы мақсатсыз жұмсалуының алдын алынды мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу барысында. Онымен қатар, халықты әлеуметтік қорғау саласында да бірқатар қызметтер атқарылды. НҰРЖАН ӘЛСЕЙІТОВ – БЕЛСЕНДІ ЖАС Бүгінгі шара жақсы әсер қалдырып отыр. Себебі, бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, одан басқа волонтерлік әрекет, елімізге пайдасын тигізетін жағдайларды көрсетіп отыр. Негізі волонтерліктен бөлек мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасағым келеді. Өйткені қазіргі таңда мен юрфакта оқып жатырмын. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant