Suivant

Жеткіншектер құтқарылды

01/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында көпқабатты үйдің бірінде басы балконның теміріне қысылып қалған қыз бала құтқарылды. Арнайы орталыққа хабарлама түскен бойда құтқарушылар тұрғын үйге жылдам жетіп, әбжіл әрекетке кіріскен. Арнайы слесарлық құралдар көмегімен 5 жасар қыз бала қауіпті орыннан шығарылды. Қазір оның жағдайы қалыпты, дейді мамандар. Қызылордалық құтқарушылар және бір жазатайым жағдайдың алдын алды. Екі жасар бала жеңіл көлік ішінде құлыпталып қалып, ата-анасын әбден әуреге салған. Ақыры олар 112 қызметіне хабарласып, құтқарушылардың көмегіне жүгініпті. Тез арада көмек қолын созған кәсіби мамандардың қырағылығына баланың ата-анасы алғыс білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant