«Жеңіс» саябағына 200 көшет егілді
Жаңақорғандықтар экологиялық акция аясында «Жеңіс саябағына» саялы ағаштар отырғызды. Тақырыпты әріптесім Асқар Тәжиев тарқатады. Биыл Ұлы Жеңіске 79 жыл. Осыған орай Жаңақорған ауданының тұрғындары кент аумағындағы киелі орындарға тазалық жұмыстарын жүргізді. «Мәңгілік алау» мемориалдық кешені былтыр күзде жөндеуден өткен. Аудан әкімі көпшілікпен бірге көшет отырғызу жұмыстарына атсалысты. Бұл күні 200-ге жуық көшет егілді. Тұрғындар, еріктілер мен орманшылар кешен аумағын ретке келтіріп, ағаш түптерін ақтады. Темір қоршауларды сырлап, қураған ағаштарды кесіп, тазартты. Жалпы аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі әр жыл сайын гектарлаған көшеттің күтімін жасайды. Мәселен биыл орманшылар кентті абаттандыруға екі мыңнан астам көшет әкеліп, үлес қосқан. Абаттандыру жұмыстары қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңында да ұйымдастырылды. Аға буын мен өскелең ұрпақ еңбекті дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Ізгі істер апта бойы барлық елді мекендерде жалғаспақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/