Журналистер ой жарыстырды

01/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Журналистер кәсіби мереке қарсаңында табиғат аясында ой жарыстырды. Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен сарапшылар клубының ұйытқы болуымен өткен іс-шарада қаламгерлер медиасауаттылық бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, үздікті анықтады. Шарада алдымен облыстық қоғамдық келісім мекемесінің директоры Бақытжан Камалов сөз алып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталды. Мұнан кейін, журналистика саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар журналист түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Ал, интеллектуалды сайысқа қатысқан командалар 6 кезең бойынша бақ сынады. Олар киберқауіпсіздік, медиасауаттылық, IT бағыты бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, викториналық ойындарға қатысты. Үздік атанған командалар алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par