Suivant

Журналистер қаржылық сауаттылығын арттырды

04/10/24
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған семинар-тренинг өтті. Түркітілдес журналистер қоры ұйыстырған "Іскерлік журналистика. Қаржылық сауаттылық" атты шара медиа қызметкерлерінің экономикалық білімін арттыруға бағытталған. Журналистер қаржылық, құқықтық тақырыптарды ақпараттандыру, осы саладағы жаңашылдықтармен танысып, жасанды интеллект, оны іскерлік журналистикада қалай қолдануға болады және басқа да сауалдарға жауап алды. Аудио және бейнемонтажға арналған заманауи бағдарламаларды үйренді. Белсенді қатысушылар Түркітілдес журналистер қорының «Еркін сөз-2024" байқауында бақ сынайды. Семинар-тренинг қазақ журналистерінің кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, заманауи медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруіне мүмкіндік береді,- дейді ұйымдастырушылар. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant