Жыл басынан бері 25 автокөлік жанып кеткен
Аймақта өрт оқиғалары азаймай тұр. Жыл басынан бері 101 дерек тіркелсе, соның 25-інде автокөлік жанып кеткен. Осы орайда, төтеншеліктер арнайы оқу-жаттығу жиынынын өткізіп, жүргізушілерді өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Автокөліктің салонына жалын тигені сол-ақ еді қас-қағым сәтте отқа оранып, бірнеше минутта түгелімен жанып кетті. Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады. Осылайша, жиылған жұрт жалынның себеп-салдарын көзбен көрді. Артынша, арнайы мамандар оқу-жаттығуға қатысқандарға өрттің алдын алу бойынша қарапайым ережелерді түсіндіріп берді. Ерекшелігі сол, биылғы дайындық жұмыстарына Текей батыр атындағы колледжде білім алып жатқан болашақ өрт сөндірушілер де қатысты. Көлік өртенуінің басты себебі электр тоғының қысқа тұйықталуы дейді мамандар. Сонымен қатар, машинаға орнатылған газ балондары мен жанар май багінің ақауы да өртке себеп болуы мүмкін. Әрі қарай басқарма қызметкерлері техникалық тексеру орталығына барып, қаладағы көліктерді тегін техникалық байқаудан өткізді. Бүгінде, шаһардағы көліктердің көбісінің тозығы жеткен. Ұдайы техникалық қадағалауды қажет етеді. Сондықтан, сақтық шараларын естен шығармаған жөн дейді төтеншеліктер. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/