Suivant

Жыл үздіктері марапатталды

29/12/23
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылорда қаласының әкімдігі биылғы жылдың қорытынды кешін өткізді. Салтанатты жиында шаһар басшысы Асылбек Шәменов жыл көлемінде жеткен жетістіктер мен атқарылған ауқымды жобаларға тоқталып, жылдың үздіктерін марапаттады. Сыр елінің бас шаһары Қызылорда жыл өткен сайын жаңарып, жасарып келеді. Қала көлемі ұлғайып, көптеген әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтерді. Өнеркәсіп, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, жалпы қай салада болмасын толымды тірлік бар. Халықты сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру жұмыстары да кезең кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен, биыл қала тұрғындары толықтай орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылса, Ақсуат пен Қосшыңырау ауылдық округтерінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Қала әкімі Асылбек Шәменов жыл көлемінде атқарылған оң істерді баяндап, қала тұрғындарын төрімізге енгелі тұрған жаңа жылмен құттықтады. АСЫЛБЕК ШӘМЕНОВ – ҚАЛА ӘКІМІ //Қос тойымыз қабат келіп, облысымыздың 85 жылдық және шаһарымыздың 205 жылдық мерейтойлары салтанатымызға сән қосты. Мерейлі күндермен қатар, Тасбөгет кентінің 75, Ақсуат ауылдық округінің 95 жылдық белестерін атап өттік. Жыл бедерінде берекелі бастамалар сәтті жүзеге асып, тұрғындарымыздың тұрмыс-тіршілігі түзелді. Медицина саласында да жағымды жаңалықтарымыз жетерлік. Айтар болсақ, сол жағалаудан жалпы құны 36 млрд. 416,5 млн. теңге болатын бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік көпбейінді аурухана салынуда.// Салтанатты жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» атағы табысталды. Сондай-ақ, түрлі сала мамандары «Жыл үздігі» номинациясына ие болды. «Жыл спортшысы», «Жаңалық жаршысы», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік мәдениет қызметкері», «Үздік ұжым» иелеріне де құрмет көрсетілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant