Жылқы шаруашылығы институты құрылады
Өңірге вице-премьер Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен келді. Ол жергілікті ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына барды. Бұл жарма, майлы және жемшөп дақылдарының элиталық және бірегей тұқымдарын өндіруге рұқсаты бар аймақтағы жалғыз ғылыми-зерттеу мекемесі. Ақтөбе селекциясының сұрыптары Қазақстанның басқа облыстарында және Ресейдің шекаралас аймақтарында да қолданылады. Кәсіпорын қазір қиын жағдайға тап болып, қарыздық міндеттеме арқалап отыр. Осыған байланысты ғылыми әзірлемелерді одан әрі дамыту, қаржыландыру және коммерцияландыру мүмкін емес. Жақын арада кәсіпорынды қалпына келтіру үшін оның базасында жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты құрылатын болады. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews