Suivant

Жыр жалауын желбіреткен жоба

27/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Дәстүрлі жыр өнерін насихаттап келе жатқан «Сыр сүлейін сұрасаң...» хабарының қорытынды гала концерті өтті. Жыр кешінде Сыр сүлейлері мен жампоз жыраулардың өсиет, термелері орындалып, көрермен рухани азық алып тарқасты. «Қызылорда» телеарнасының төл жобасы «Сыр сүлейін сұрасаң...» хабары 10 жыл көлемінде көгілдір экраннан көрсетіліп, көрермен көзайымына айналған болатын. Осы уақыт аралығында есімі елге мәлім жыр жүйріктері бағдарлама төрінен табылып, ұлттық дәстүріміздің алтын діңгегі жыраулық дәстүрді дәріптеді. Енді міне, Сыр сүлейлерінің ізбасарлары киелі сахнада бас қосып, жырға сусаған ағайынның құмарын қандырды. БИДАС РҮСТЕМБЕКОВ – ЖЫРАУ Нұртуған, Жиенбай, Нартай жыр мектебінің өнерлі жыршылары өз өнерлерін ортаға салып жатыр. Халық риза. Әлдеде мұны алға апару парыз және осы өнерді кейінгі ұрпаққа қалдыру бәріміздің де міндетіміз Жыраулық атадан балаға мирас болған текті өнер. Ендігі міндет, ұлттық құндылығымызды құнттап, жыр жалауын желбірету. Қызылорда телеарнасы осы мақсатта бірқатар жоба қолға алған болатын. «Сыр сүлейін сұрасаң...» хабары осы сөзіміздің айқын дәлелі. Жыр кешінде Ақтөбеден ат артып келген Демеубай Жолымбетов, Айбек Тәңірбергенов, Берік Саймағамбетов, Серік Жақсығұлов, Руслан Ахметов, Шолпан Биімбетова, Майра Сәрсенбаева сынды Сыр сүлейлерінің ізбасарлары өнер көрсетті. «Сыр сүлейін сұрасаң...» хабары көненің күмбірін бүгінмен қауыштырып, жыр әлеміне жаңа толқын әкелді. Ол жеті жасында «жыршы бала» атанған Нөсер Айдосұлы. Талантты өрен жыр кешінде әкесі Айдос Рахметовпен бірге сахнаға шығып, көрермен көзайымына айналды. Шара соңында көне сарынды көмеймен тірілткен өнер майталмандарына халық тік тұрып құрмет көрсетті. Айта кетейік, жыр жампоздарының жыр, термелері «Қызылорда» телеарнасының алтын қорында сақталады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant