ЖІГЕРЛІ ЖАНДАРҒА ҚҰРМЕТ
«Тең қоғам» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы Халықаралық мүгедектер күніне орай салтанатты іс-шара өткізді. Жиында ерекше топтағы азаматтар және олармен бірге жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталды. Іс-шарада тағдыр тауқыметін тартса да жігері жасымаған, сынаққа тап болса да сағы сынбаған қайсар жандар бас қосты. Олар «мүмкіндігім шектеулі» деп мойымады, керісінше қоғамдық жұмыстарға араласып, түрлі шаралардың бел ортасынан табылды. Жиында жыл бойы белсенділігімен көзге түскен азаматтар мен үкіметтік емес ұйым өкілдеріне құрмет көрсетілді. Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев ерекше топтағы адамдарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен оңалту жұмыстары туралы айтты. Шара барысында қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. САҒАТБЕК СИЮОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қала бойынша жетпіске жуық мүгедектігі бар жандар қатысып отыр. Соның ішінде 18 үкіметтік емес ұйымы марапатталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/