Жілік ішіндегі марихуана
Түзету колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушыға жілік майға жасырылған есірткіні өткізбекші болған. Ерекше сәлемдеме сәлем-сауқатты тексеру барысында арнайы құрылғы арқылы анықталған. Азық-түлік салынған сөмкені мекемеге сотталушының танысы алып келіпті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, баппен асылған жілік ішінен буып-түйілген заттарды алып, оны сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 129,9 грамм кептірілген марихуана болып шықты.Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 296-шы бабы бойынша бұл әрекетке 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп мәлімдеді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/