«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ӨНЕР БАЙҚАУЫ
Қызылордада «Жүрек жылуы» атты облыстық өнер байқауы басталды. Биыл 11-ші рет өткізіліп отырған шараға 300-ден астам өнерпаз қатысып жатыр. «Жүрек жылуы» байқауы – мүгедектігі бар балалардың шығармашылығын шыңдап, өмірге деген ынтасын арттыру, осылайша, денсаулығының жақсаруына аз да болса үлес қосуды мақсат тұтқан игі шара. Байқауға қатысушылар ән, би, аспаптарда ойнау, көркемсөз оқу, сурет және қолөнер бағыттары бойынша бақ сынап жатыр. АРАЙ ЕРҒАЛИ – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ Мен қолөнермен айналысамын. Өзіме қатты ұнайды, бос уақытымда осымен айналысқанды жақсы көремін. «Әйнек декорын» әйнек пен айнаның қиындыларынан жасадым. Сары түсті пайдаланған себебім, сары түс жеңілдікті, қуанышты, нұрсаулені білдіреді. «Ағаш декоры» ол кезде ағаш қиындылары мен бұтақтарын пайдаландым. Мен суреттерімді қалдық заттармен жасаймын, мен оларға екінші өмір сыйлағым келді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/