Suivant

ЖӘРДЕМАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСТІ

05/01/25
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл айлық есептік көрсеткіш 6,5 пайызға өсіп, 3932 теңгені құрады. Сәйкесінше, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшері де өсті. Мәселен, бала туғаны үшін төленетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы сомасы артты. Енді 3 балаға дейін туғандарға 149 мың 416 теңге, ал 4 және одан да көп бала туған аналарға 247 мың 716 теңге беріледі. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері де артты. 4 баласы бар отбасы 60 мың 30 теңге , 7 бала тәрбиелеп отырғандар 110 мың 332 теңге алады. Сондай-ақ, зейнетақы мөлшері де адам жасына және еңбек өтіліне байланысты 8,5 пайызға артты. Енді зейнетақының ең төменгі мөлшері 62 мың 771 теңгені құрайды. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 101 мың 702 теңге төленеді. Ал екінші топтағыларға 81 мың 362 теңге берілсе, үшінші топтағылар 55 мың 474 теңге алады. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant