Suivant

ЗАҢНАМА БҰЗҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

15/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймақта монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталды. Бұл туралы облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы мәлімдеді. Департамент 9 айдың қорытындысымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар дерегі бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде екі бірдей жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бәсекелестікке қарсы келісімдер жасағаны белгілі болды. Тергеп-тексеру нәтижесімен әкімшілік іс сотқа жолданып, серіктестіктің біріне 24 млн 246 мың 604 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, толығымен өндірілген. Жалпы қаңтар-қыркүйек айларында 16 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғалардың қызмет түрлеріне мониторинг жүргізіліп, монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталған. ДАМИР ТОҚЖАНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Осы деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 6 нұсқама шығарылды, оның 3-уі орындалды, 1 – уі орындалмады ("Қызылорда су жүйесі" МКК). Осыған байланысты, "Қызылорда су жүйесі" МКК-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Департамент алаңында кәсіпкерлік субъектілерімен комплаенске қол қою бойынша кездесулер өткізу жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant