Suivant

Зейнетақы төлемдерінен табыс салығы алынып тасталуы мүмкін

03/05/24
JAMBYL TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстандықтардың зейнетақысы табыс салығынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Сенатор сауалына берген жауабында айтылған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақының 10 пайызы қазір салық ретінде бюджетке қайтады. Қазір әлеуметтік маңыздылығы және халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, осы салықты тоқтату мәселесі қаралып жатыр. Жеңілдік тек Қазақстанда тұратын зейнеткерлерге қолданылады. Шетелге шығатын азаматтар және қорда жиналған қаржыны мұрагерлік арқылы алатындар салықтан босатылмайды Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant