Зорлық-зомбылықсыз 16 күн
Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту және құқықтық тәрбиені насихаттау. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейгені белгілі. Әйеліне қол көтеріп, балаға озбырлық көрсеткендерге Іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция әлеуметтік желідегі немесе ақпарат құралдарындағы дәлелді негізге ала отырып тергеуді бастай алады. РАУАН АЛЬДЕШОВ – ОПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Жаңа заңның талабына сәйкес, бүгінгі күнге ҚК 108-1 бабымен 58, 109-1 бабымен 163 қылмыстық іс тіркелсе, оның 100-і әйелдерге қатысты жасалған. Қазіргі таңда 73-і сотқа жолданып, 4-і қысқартылды, қалған 69-на тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жаңа заң күшіне енгеннен кейін, қазір полиция жәбірленушінің арызынсыз құқық бұзушылықтың жасалу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғайды. Сондай-ақ, сот шешімімен берілетін жазалардың санкциясы 5 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұзартылды. Заңнамалық өзгерістерден бөлек, жәбірленушілермен жұмыс істеу тәсілдері қайта қаралды. Мұндай қылмыстарды тергеу үшін әйел тергеушілердің мамандануы енгізілді.// Ал, қаладағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығын қазіргі күні 8 көпбалалы ана паналап жүр. Мамандардың айтуынша, тұрмыстық кикілжіңдер, күш көрсету жағдайлары азаяр емес. АЙГҮЛ ИБРАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолданыстағы стандарттарға сәйкес, 8 бағытта қызметтер көрсетіледі. Жыл басынан барлығы 190 адамға қызмет көрсетілді. Есепті кезеңде орталықта 40 адам қызмет алуда. Оның ішінде 14-і көпбалалы отбасылар. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерге орналастырылған 27 бала, 190 адамға дәрігерге дейінгі медициналық қызметтержәне емдеу мекемелермен алғашқы көмек көрсетілді.// ЖАНДОС ТҰСМАҒАМБЕТОВ – «ҚАМҚОРЛЫҚ» ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Зорлық-зомбылықсыз 16 күн аясында білім беру мекемелерінде, әрбір ұжымда, әрбір отбасында алдын алу шаралары кеңінен өтілуі керек. Сондай-ақ, осы күндері біз орталыққа келген әрбір отбасы мүшелерімен біз психологиялық тұрғыда сөйлесіп, жан жақты қолдаулар енгізілмек.+// «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/