Иммундау апталығы басталды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен елімізде иммундау апталығы өтіп жатыр. Іс-шара адамдарды вакциналау арқылы алдын ала жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған. Профилактикалық екпе - инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін жүргізілетін тиімді әдіс.Соның ішінде дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, паротит, қызамықтан болатын асқынулар мамандарды алаңдатып отыр. ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА - ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Жіті ішек инфекциялар тәріздес, тез тарайтын, тазалықтың жоқтығынан туындайтын, әсіресе 14-жасқа дейінгі балалар арасында көптеп кездесетін вирустық гепатиттің А түрі болатын болса бүгінгі күні осы вакцинацияның арқасында кей жылдары тіпті бірде-бір ауру тіркелмейтьін жағдайлар да болады. Былтырдан бері кішкене ауру тіркеліп жатыр. Дегенменде ол ауырған балалардың 80 пайызы 14-жасқа дейінгі балалар болса, олардың барлығы уақытылы екпе егілмегене болып анықталып отыр». Иммундау апталығы өңірімізде 21-ші және 27-ші сәуір аралығында жүргізіледі. Бүгінде республикалық бюджет есебінен 12 түрлі инфекциялық және паразиттік ауруларға екпе салынады. АЙГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ «Ата-аналардың, медицина қызметкерлерінің қызылша және көкжөтелге қарсы вакциянациялауға баса назар аудара отырып, сондай-ақ адам папилома вирусына қарсы вакциянация енгізу қажеттігіне назар аудара отырып, иммундаудан уақытылы өтудің маңыздылығын хабардар етеміз». Бүгінде облыстағы барлық емханада 200-ден аса екпе егу кабинеттері жұмыс істеп тұр. Ал, екпелердің сапасы мен қауіпсіздігі мамандардың бақылауында. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/