Suivant

«Кабирхан» қатысқан ат бәйгесінің режиссері Көшпенділер ойынына келді

10/09/24
Qazaqstan TV
Dans Asie / Kazakhstan

#Қазақстан #ҰлттықАрна #QazaqstanTV Британдық режиссер Джонатан Эдвардс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының шақыруымен Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына келді. Әлемдік деңгейдегі ат жарыстары мен спорттық шаралардың режиссері 13 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетін бәйгенің трансляциясына режиссерлік етеді. Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірлім тобымен бірге «Қазанат» ипподромында болып, Корпорацияның техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Джонатан Эдвардс – 20 жылдан астам тәжірибесі бар спорт режиссері. Регби, бадминтон, триатлон, авто, мотоспорт, гольф, хоккей және ат спортынан халықаралық жарыстарға, оның ішінде қазақстандық сәйгүлік «Кабирхан» қатысқан Дубайдағы «Al Maktoum Challenge» турниріне режиисерлік еткен. Көшпенділер ойындары аясындағы ат жарысы «Qazsport» телеарнасынан 13 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 11:00-ден бастап көрсетіледі. Тікелей эфир трансляциясы арнаның You Tube, Facebook, Tik-Tok желісіндегі парақшалары арқылы таратылады. Шұғыл ақпараттар: https://t.me/+epGbOLbwf240Mzg6 Қазақстан - https://qazaqstan.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/qazaqstantv VK - https://vk.com/qazaqstan_tv Twitter - https://twitter.com/qazaqstantv Instagram - https://www.instagram.com/qazaqstantv/ Telegram - https://t.me/+epGbOLbwf240Mzg6 WhatsApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaCG0oEATRSnG6vY0T0s Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant