Suivant

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС

18/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қала әкімінің өкімімен Кентуғаев Айдос Зейнуллаұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жаңа лауазым иесі қала әкімінің төрағалығымен өткен актив отырысында таныстырылды. Айдос Зейнуллаұлы, 1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. Еңбек жолын 2006 жылы серіктестік сәулетшісі болып бастаған ол әр жылдары «Алматы қала құрылыс кадастры» мекемесінің жетекші сәулетшісі, «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты» директорының орынбасары, 2020 - 2023 жылдар аралығында Түркістан қаласының архитекторы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарған. Енді Айдос Зейнуллаұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер салаларына жетекшілік ететін болады. Актив отырысында жаңа кадрды көпшілікке таныстырған Серік Қожаниязов қызметіне сәттілік тілеп, сенім білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant