Келіндер байқауы
Айтулы мерекеге орай Қызылордада келіндер сайысы болды. Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған шарада әлеуметтік желі белсенділері бақ сынап, жас аналар салт-дәстүрді дәріптеді. Шыны керек, қазір әлеуметтік желілерде танымдық мәні кермек татитын контенттер көбейді. Ал бұл байқау сол түйіткілді түзеу жолында теңізге тамған тамшыдай болса да үлес қосуды көздейді. Сайыс барысында қатысушылар қазақ келініне тән ибалылық пен әдептілікті дәріптеп, ісмерлік пен аспаздық қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтардың шекарасынан шықпай, заман талабына сай өнерлерін де ортаға салды. Айта кетейік, мазмұнға бай, позитивті байқау енді жұртшылықтың сұрауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ. ТОҒЖАН ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ – ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ / Негізгі мақсаты үйде отырған келіндердің ортасын қалыптастыру, сонымен қатар бос уақыттарын тиімді пайдалану. Өздерінің өнерін шығарғысы келетін, ортаға бейімделгісі келетін келіндер болады. Сол келіндермен дамыту жұмыстарын жүргізу. Қазылық ететін жандарды да біз биылғы таңда өте ерекше форматта шақырдық. Яғни бұрын тек үлкен кісілерді әділ қазылыққа шақыратын болсақ, осы жолғы форматымыз біздің яғни жас келін, өнегелі келін сонымен қатар көп балалы ана осы үш бағыт бойынша біз қонақтарымызды шақырдық/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/