Suivant

Колледж түлектеріне диплом табысталды

28/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Білім биігіне қол созып, мәртебелі маман атануға талпынған жастар үшін жемісті сәт. Бүгін Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанаты болды. Тілші бейнематериалында толығырақ. Бүгінде Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде екі жарым мыңға жуық білім алушы бар. Биылғы оқу жылын 609 түлек бітіріп, оның 25-і үздік диплом иегері атанды. Жалпы іргелі оқу ордасында 16 мамандық, 24 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярланады. Салтанатты іс-шарада колледж директоры Жақсыгүл Тоғанова түлектерге сәттілік тілеп, диплом табыстады. ЖАҚСЫГҮЛ ТОҒАНОВА - МӘНШҮК МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «92 жыл тарихында 12680 түлек бітірген екен. соның ішінде қазіргі таңға дейін 100 ғылым докторы, 517 кандидат, қоғам қайраткелері, Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, ғалым-білім беру саласының нағыз майталман ұстаздар бітірген. Біз осындай түлектермізбен мақтанамыз. Сол жұлдызды түлектердің қатарында бүгін міне 609 түлекте маман болып, қоғамға падгогикалық кадр ретінде еңбек нарығында дайын тұр. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің ғылыми-техникалық базасы жыл сайын жанданып келеді. Сондай-ақ, талантты жастар біліммен қатар шығармашылықпен айналысуға да мүмкін алуда. Бүгінде оқу ордасында «Ассорти» студенттер театры түрлі жанрдағы қойылымдарды сахналап жүр. Мерейлі кеште колледждің түлектері ізбасарларына жылы лебіздерін жеткізді. АҚГҮЛІМ БЕРІКҚЫЗЫ - БІТІРУШІ ТҮЛЕК «бірінші курстан төртінші курсқа дейін активист болдық. «Ассорти» театрында ойнадық. «шаңырақ» дебат клубы бар. осы ұйымдарда қызмет көрсету арқылы біз өзіміздің кәсіби біліктілігімізді де арттыра алдық. Осы колледжге түскеніме өте қатты ризамын. Біздің тұлға болып та, маман болып та қалыптасуымызға үлес қосты. Осылайша 90 жылдан астам тарихы бар білім ошағынан тағы да бір буын қанат қақты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant