Suivant

Коммуналдық мәселелер таразыланды

24/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл қалаға қарасты Сабалақ саяжайы мен Қызылөзек және Ақжарма ауылдық округтерін көгілдір отынмен қамту көзделіп отыр. Ал, келер жылы Бірқазан елді мекеніне табиғи газ жеткізілмек. Осылайша облыс орталығының тұрғындарын толғандырған мәселе бірер жылдың бедерінде толыққанды шешіледі. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында айтылып, қаржы бөлу жайы талқыланды. Бүгінде Қызылорда қаласының бюджеті 93 млрд, 600 млн теңгеден асып жығылады. Бұл шағын шаһар үшін қомақты қаржы. Сондықтан облыс орталығымен қатар, қалаға қарасты елді мекендердегі қордаланған мәселелер де оңтайлы шешілуде. Шыны керек, көптің бірінші сұрауы - көгілдір отынның жайы. Алдыңғы жылы Ақсуат ауылдық округі газбен қамтылса, былтыр қосышыңыраулық тұрғындардың көптен күткен тілеуі орындалды. Ал енді алдағы 2 жылда Қызылөзек және Ақжарма ауылдық округтері мен Сабалақ саяжайына газ жеткізілмек. Кезекті сессияда коммуналдық саланың мұнан өзге де кем-кетіктері айтылып, қаржы бөлу тетіктері сараланды. Биыл қалада 21 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 187 тұрғын үй орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылады. Ауқымды жобаға 11 млрд теңге қаржы қаралған. Тозығы жеткен электр желілерін жаңарту да назарда. Бұл ретте әзірге 10 жоба жүзеге асырылмақ. Мәслихат депутаттары байырқалы бастамаларға бәрекелді десіп, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Коммуналдық саладағы кем-кетікті зерделеу мақсатында қалалық мәслихат жанынан арнайы комиссия құрылған. Жиында сол топтың анықтаған дәлелдемелері ұсынылды. Әсіресе, облыс орталығын көгалдандыру ісі баяу. Мұны бір ізге түсіру үшін арнайы «Жасыл-Қызылорда» мекемесі құрылған болатын. Бірақ бұдан іс өнген жоқ, бұрынғы хәлге жетудің өзі мұңға айналды, дейді депутаттар. Шаһар басшысы сессия барысында айтылған ескертпелер назарға алынатынын айтып, әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. оммуналдық мәселелер бойынша жасалатын жобалау құжаттарында шикілік көп. Әсіресе, нақты түйіткілдер тысқары қалып, аядай жерге аямай ақша жұмсайтындар бар. Жиында қала әкімі ысырапқа жол бергендерге сұрау салынатынын ескертіп, бұл істе халық қалаулыларын белсенді болуға шақырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant