Кіші Аралдың екінші жобасы. Халыққа қай деңгей тиімді?
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында Аралға барды. Онда министр бастаған делегация аудан халқымен бірге «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын кеңінен талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасын әзірлеп жатыр. Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, жоба үш негізгі бағытты қамтиды. Оның ішінде Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыру көзделіп отыр. НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ – ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ //Ең бірінші Сырдария өзеніне 90 пайыз су Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен келеді. Сондықтан біз бірінші кезекті осы мемлекеттермен келіссөздерді дұрыс жүргізу, вегетациялық кезеңде суды жеткілікті мөлшерде осы өңірге алуға сондай мақсат қойдық. Екінші сол келген суды дұрыс реттеу. Себебі, суға мұқтаж, былай айтқанда, балық шаруашылығы бар, ауыл шаруашылығы бар, өнеркәсіп кәсіпорындар бар. Сондықтан суды дұрыс реттеу маңызды. Бір осы жобада осындай екі үлкен мақсат қойдық. 2024 жылы біз осы бағытта жұмыстар істедік. 07:01 Сондай-ақ, 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесіндегі негізгі концепциясы әзірленді. Сонда бекітілген индикаторлық жүйе негізінде біз 2028 жылға дейін жергілікті атқарушы органдармен және облыс әкімшілігімен келісілген кешенді жоспарды әзірледік.// Мамандардың айтуынша, Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңі қорытындысы бойынша теңіздегі су көлемі 42 пайызға артқан.Ал, теңіз суының тұздылығы төрт есеге төмендеді. НҰРБЕК СЕРІКОВ – ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Осы жобада жаңа гидротехникалық құрылыстар салынды. Оның ішінде Көкарал бөгеті, Ақлақ су тоспасы, Әйтек қорғаныс бөгеттері, Ақсу ауылындағы Сырдария өзені 2,6 км арнасы түзетілді. Солтүстік Арал теңізін 2006-2024 жылдар арасында су балансына шолу жасасақ, үш негізгі кезеңге бөлуге болады. Жадпы теңізге келіп түскен су көлемі осы уақытта 84,9 текше кмді құраса, Үлкен Аралға құюдың көлемі 43,4 текше кмді құрайды.// Жобаның негізгі бағыттары туралы баяндамалардан соң жиын «ашық микрофон» форматында жалғасты. Жобаны іске асыруға қатысты көптің тілегі бір арнаға тоғысты. Халық теңіз тынысына дем берер жарқын бастамаларға үміт артып отыр. БАҚЫТ ЖАХАНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Дарияны қазір ешкім ұстап тұрған жоқ. Қыстық режимге байланысты қазір Қызылордада гидроузел, Айтекте әрі қарай бәрі ашық. Қазір Телкөлге құйып жатыр. Сондықтан ол өзінің арнасы ғой. Дария болған соң жайылады. Сіздің айтып тұрған жеріңіз жобада қарастырылған. Енді Қамбашқа да су құю керек, қасындағы көлдерге бару керек. Бұл уақытша. Бірақ, бұл болашақта шешіледі. Біз бұны бірнеше рет көтеріп жүрміз.// Жиында Парламент мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов пен жазушы, эколог Сайлаубай Жұбатырұлы да өзекті мәселеге өз пікірлерін білдірді. Екінші кезеңнің экономикалық тиімді тұстары талай жыл талқылаудан өтіп, салалық министрліктің бақылауында тұр. Десе де елдің тілегін ескеруді әркез дұрыс шешім деп қабылдайтын министр көптің қоштаған І деңгейлі бастамасы да жан-жақты талқылаудан өтіп, тиімділігі сала мамандарымен бірге сараланатынын жеткізді. Жиыннан соң Нұржан Нұржігітов бастаған делегация Жақсықылыш кентінде болып, аймақ көлеміндегі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайымен танысты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/