Suivant

Күйшілер байқауы

09/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қызылордада республикалық күйшілер байқауы өтіп жатыр. Өнер бәйгесі Қазанғап Тілепбергенұлының 170 жылдығы мен Жалдыбай Елеукеұлының 130 жылдығына арналды. «Сыр толқыны» атты жастар арасындағы республикалық күйшілер байқауы өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Өнер бәйгесіне еліміздің әр аймағынан 15 талантты күйші қатысуда. Екі кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы бөлімінде қатысушылар Қазанғап Тілепбергенұлы мен Жалдыбай Елеукеұлының күйлерін орындаса, екінші кезеңде Шығыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Маңғыстау, Батыс мектептерінің күйлерін орындайды. Додаға келіп, бақ сынаған күйшілердің өнеріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Мұстафаев, күйші, мәдениет қайраткері Төлепберген Тоқжанов, сондай-ақ, облыстық симфония оркестрінің дирижері Әмзе Мүсілім мен мәдениет саласының үздігі Әлімжандар Әбсадықов төрелік етуде. Айта кету керек, байқау жеңімпаздары шілденің 8-і күні орталық алаңда өтетін «Домбыра – халық мұрасы» атты өнер фестивалінде өнер көрсетеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant