Suivant

«КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

29/03/24
Dans Asie / Kazakhstan

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Күшіміз бірлікте» акциясы өтетінін мәлімдеп, әлеуметтік желіде жазба жариялаған болатын. Осыған орай, Атырауда Студенттер даңғылы 29 мекен-жайында волонтерлік пункт ашылып, көмек көрсету шаралары басталды. Ақцияға Мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділері, блогерлер және өңірдің белсенді жастары, облыс тұрғындары, барлығы 100-ге жуық ерікті жұмылдырылған. Көмек қолың созғысы келетін тұрғындар немесе кәсіпкерлер аталған мекен-жайға қажетті заттарды әкеліп тапсыруға болады. Атап айтсақ, бұзылмайтын азық-түлік, таза киім-кешек, гигиеналық заттар және құрал-саймандар қабылдануда. Гуманитарлық көмек жауын суынан келген залалға байланысты Ақтөбе және Қостанай облыстарына жіберіледі. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant