Suivant

КӘСІПОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ БАСТАЛАДЫ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырсында кәсіпорындарда экологиялық талаптарды сақтау мәселелері мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шаралары талқыланды. Селектордан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиын өткізіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін кәсіпорындарға жоспарлы тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті. Бүгінде Қызылорда облысында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін І санатты 88 және ІІ санатты 110 кәсіпорын бар. Олардың ішінде мұнай және газ өндіру саласында 13 ірі, уран өндіру саласында 4 және қоршаған ортаға елеулі әсер ететін 2 кәсіпорын қызмет атқарады. Өткен жылдың қорытындысымен 15 субъектіге экологиялық бақылау жүргізіліп, соның нәтижесінде 682 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Аймақта ірі табиғат пайдаланушыларға бақылау шараларын күшейтіңіз. Облыстық мемлекеттің кірістер департаментімен бірлесіп, салық базасын кеңейту мақсатында қоршаған ортаға теріс әсер ететіндер үшін төлемақыладрды обыстық бюджетке түсіру жолын қарастырыңыздар. // 00.54// облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елді мекендердегі жергілікті тұрғын үйлерге жақын орналасқан кәсіпкерлік нысандарға талдау жасап, сәкестендіру жұмыстарын жүргізіңіз. Кәсіпорындардың қорғаныш аумақтарын санитарлық жұмыстар жүргізіп, бақылау жасаңыздар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant