Кәсіптен нәсіп тапқан жандар
Соңғы жылдары шағын және орта бизнеске бет бұрған тұрғындардың қатары едәуір артқан. Мәселен, былтыр «Қайтарымсыз грант» жобасы бойынша өңірімізде 459 адам мемлекеттік грант иеленген. Кәсіпті нәсібін тапқан жандардың тыныс-тіршілігімен біздің журналистер де танысып қайтты. Қай кәсіпте болмасын, табандылық пен еңбек етуге деген ерік-жігер қажет. Осы қағиданы ұстанған үшінші топ мүгедегі Дархан Қалибеков өз кәсібін жолға қойған. Ол «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқыту онлайн курсын аяқтап, өткен жылы мемлекеттік грант ұтып алған. 1 380 000 теңге көлемінде берілген қаржыға жылыжай салыпты. Оған қызанақ, қияр, ас көгін егіп, өнімін сатуға шығарған. Алдағы уақытта жылыжайда цитрустық жемістерді өсіру ойында бар. ДАРХАН ҚАЛИБЕКОВ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР //Осы сабалақ жайында орналасқан теплицамыз. Жемісті осы марттың кезінде аламынба деген ойда бар. Бір түптен 10 келі аламынба деп тұрмын. Енді есептеңіз,мұнда 400 түп қызанақ, 400 түп қияр бар. Қайтарымсыз грантты иеленген тұрғындардың тағы бірі - Перизат Ашықбаева. Көп балалы ана бизнес-жоспарына сәйкес тігін құралдарын алған. Бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде кәсібін жолға қойған ісмер «Құлыншақ» атауымен балаларға арналған киім дайындауда. ПЕРИЗАТ АШЫҚБАЕВА - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР //Тігін саласында келе жатқаныма 8 жылдан асты. Өзімнің жеке кәсібім, сол ательем бар. Бірақ қолымша осылай, балаларға аллергия тудырмайтын маталардан,біздің Қазақстанда өндірілетін киім шығару ниетімізде болған.Соны жәймен бастап жатырмыз. Ал «Қарауылтөбе» ауылының тұрғыны Нұрлан Смағұлов бөдене өсіріп, оны табыс көзіне айналдырып отыр. Қазіргі таңда шаруашылықта 4 мың бөденеден күніне 700 жұмыртқа алып, қала дүкендеріне қолайлы бағамен өткізіп келеді. Кәсіпкер бөденеге балаға қарағандай күтім керек дейді. Жылуды жақсы көретін қанаттылар әрі әсершіл келеді. Құс шаруашылығын дамытып отырған көпбалалы әкенің қазір тірлігі тіктелген, жұмысы нәтижелі. НҰРЛАН СМАҒҰЛОВ - ЖЕКЕ КӘСІПКЕР //Қазір сұраныс бар жақсы. Халықта үйренген, уже күнделікті тұтынатындар бар. Үйден келіп алып кетеді,тазалай,свежий керек деп. Сосын үлкен магазиндер сатады көбіне қаладағы. ЖАҚСЫЛЫҚ ТӨЛЕГЕНОВ - ҚАЛАЛЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Әрине,біз мониторинг жүргіземіз,соған байланысты мониторинг нәтижесі бойынша грантты мақсатсыз жұмсағандар анықталған жағдайда,біз сотқа береміз. Сотпен мемлекеттің пайдасына қайтарлуға жатады. «Қайтарымсыз грант» жобасы көптеген отбасыларды еңбекке баулып, кәсібін дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Айта кетейік, биыл өңірімізде 484 адамға мемлекеттік қайтарымсыз грант беріледі деп жоспарлануда. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/