Suivant

Көлік саласына көңіл бөлінеді

27/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде жолшы мамандарды даярлау үшін 1000-ға жуық мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Студенттер сарайында өткен ашық есік күнінде мамандар оқушыларға саланың қыр-сырын түсіндіріп, сауалдарына жауап берді. Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша жаңа бағдарлама қайта жанданып отыр. Жүргізілген талдауға сәйкес, қазір жол саласында 1,5 мыңға жуық маман жетіспейді. Ал автожол саласындағы кадр тапшылығын жоюдың бір ғана жолы жас талапкерлерді салаға тарту. Оған қажетті оқу гранттарын бөліп, маман даярлауға басымдық беру. Осыны ескерген облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының бастамасымен ашық есік күні ұйымдастырылды. «Қазавтожол» және «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» мен әуежай, теміржол саласының өкілдері мектеп оқушыларына әр бағыт бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant