Көлік өндірісін дамытуға бағытталған жобаларға қаржы бөлінді
Отандық автокөлік өндірісін дамытуға бағытталған жобалар қаржыландырусыз қалды. Машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеді. Қазақстанға заңсыз жеткізілетін автомобильдер де нарықтың дамуына кедергі келтіріп отыр. Осы ретте, Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді. Үкіметте көлік өндірісі талқыланды. Саланы дамыту үшін 2028 жылға дейін бекітілген кешенді жоспар бар. Бұл жобаларды іске асыруға жыл сайын 60 млрд теңге бөлінуі тиіс. Қомақты қаржы мыңға жуық кәсіпорын ашып, экономикалық ахуалды жақсартуға сеп болу керек еді. Алайда, тиісті шаралар атқарылмаған. МЕЙРАМ ПІШЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Бұл жобаларды іске асыру үшін биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлінбеді. Келесі жылға да қарастырылмаған. Біз бұл қаржыға үлкен үміт артып отырмыз. Бұл жобалар ойдағыдай іске асса, 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнім 1,5 есе өседі деген болжам бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/